Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Шүлбі кентінде жаңа әкім сайланды

22-05-2025, 11:58 018.kz

2025 жылдың 18 мамыр күні Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентінде әкім сайлауы өтті. Бұл сайлау – елде жүзеге асып жатқан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мен халықтың билікке қатысу мүмкіндігін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Сайлау қорытындысы бойынша Болатбек Ермұхаметұлы Шүлбі кентінің жаңа әкімі болып сайланды. Ол көпшілік дауысын жинап, кент тұрғындарының сеніміне ие болды.

Жаңадан сайланған әкімді ұжымға таныстыру және куәлігін табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға Жаңасемей ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Төлегенұлы, аудандық мәслихат хатшысы, сайлау комиссиясының төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты жиында Айбек Төлегенұлы жаңа әкімді қызметімен құттықтап, ел алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті:

«Болатбек Ермұхаметұлы – өңір дамуына өз үлесін қосуға дайын, іскерлігі мен тәжірибесі бар азамат. Халық сенімін ақтап, Шүлбі кентінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарады деп сенеміз. Жаңа әкімге сәттілік тілеймін!» – деді аудан басшысы.

Жиын барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Болатбек Ермұхаметұлына ресми куәлікті табыстап, оның жаңа қызметіндегі табысына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде жаңа әкім тұрғындарға алғысын айтып, ел сенімін ақтау жолында адал еңбек ететінін жеткізді:

«Шүлбі – әлеуеті зор, тарихы бай өңір. Алдымызда тұрған міндет – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, ауыл инфрақұрылымын жаңарту және тұрғындармен ашық байланыс орнату. Бұл бағытта бар күш-жігерімді аямаймын», – деді ол.

Жиын соңында кент тұрғындары жаңа әкімге сенім білдіріп, ел игілігі жолында табысты еңбек етуіне тілек білдірді.

Шүлбі кентіндегі бұл сайлау – жергілікті қоғамдастықтың белсенділігін арттырып, халық пен билік арасындағы өзара сенім мен серіктестікті нығайта түскен маңызды оқиға болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив