Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.66 597.44 6.56

«Мясокомбинат» коллекторындағы жұмыстар бақылауда

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев таңертең қала аумағын аралап, бірқатар нысандардағы жұмыс барысын бақылады. Әкім «Мясокомбинат» коллекторының инженерлік желілерінің құрылысын және «КСО» кәріз коллекторының жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.

«Мясокомбинат» кәріз коллекторы 1939 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде жоспарға сәйкес қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Кәріз коллекторының ұзындығы – 5,4 шақырымды құрайды.

Ал Ломоносов көшесінде диаметрі 1000 мм болатын «КСО» коллекторында орын алған апат бүгінде қалпына келтірілуде. Барлық жұмыстар талапқа сәйкес орындалуда.

«Жұмысты сапалы орындау қажет. Әрбір жұмысқа мұқият қарап, белгіленген мерзімге сай аяқтау маңызды», – деп атап өтті Әділет Қожанбаев.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив