Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық чемпионатқа жолдама алды

1-12-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

29-30 қараша аралығында Abay First Regional 2025 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Алматы қаласы, Қарағанды қаласы, Жетісу, Ақмола және Абай облыстарынан 250-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Семей қаласындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінің оқушылары қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге арналған инновациялық роботтар құрастырып, аймақтық додада көш басынан көрінді. FLL Challenge бағыты бойынша «AIMA JR» командасы, FTC бағыты бойынша Аяжан Тәңірберді мен Абзал Әукен Орталық Азияға жолдама жеңіп алды. Мұнымен қатар, Welldone командасы «Robot Design Award Finalist» номинациясын, SPL командасы «Motivate Award» номинациясын, 505 командасы «Innovation Project Award Finalist» номинациясын иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив