Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
472.48 550.06 6.59

Семейде жылыжай кәсібі қарқынды дамып келеді

5-04-2023, 13:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қаламызға қарасты елді мекендерде өсімдік шаруашылығы, оның ішінде картоп, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызылша сынды көкеніс өнімдерін қолдан өсіру қарқынды дамуда.

Мысалы, Озеркий ауылына қарасты "АгроМир" шаруа қожалығы 10 жұмыс орнын құрып, 27 ауыл шаруашылығы техникасы мен түрлі модификациядағы жабдықтар арқылы кәсібін жүргізуде.

«Біздің аймақта қыс мезгілінде жылыжай кәсібімен айналысу өте қиын. Бірақ соңғы жылдары көкеніс пен жеміс-жидек өсіргісі келетін  кәсіпкерлердің саны артуда. Семейдегі жылыжайлар толығымен жабдықталған, 20-22 С температуралық режимді және объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін басқа да қажетті жабдықтары бар. Тамшылатып суару әдісімен қамтамасыз етілген», - дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.

Шаруашылық топырақта экологиялық таза өнім алу үшін минералды тыңайтқыштарды қолданбайды, бірақ жергілікті органикалық қоспаны (көң, қара топырақ, ағаш күлі) пайдаланады.

Өсірілген егінді Семей қаласы, Ж. Елебеков көшесі,16 мекенжайында орналасқан АгроМир ШҚ "Green House" фирмалық дүкенінде сатады. Өнім делдалдың қатысуынсыз сатып алушыларға қолжетімді баға бойынша сатылады.  Сату бағасы: картоп 155 теңге/ кг, сәбіз – 120 теңге/кг, қырыққабат – 150 теңге/кг, қызылша – 150 теңге/кг, қияр – 930 теңге/кг шегінде.

Болашақта шаруашылық шырындар өндіру және алынған өнімді консервілеу үшін жеміс-жидек дақылдарын өсіру бойынша егіс алаңын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив