Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Семейде жол белгілерін жөндеу, жаңалау жұмыстары жүріп жатыр

11-04-2023, 18:30 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Қала бойынша жол белгілерін жөндеу, жаңалау жұмыстары жүріп жатыр. Ағымдағы жылы қала ішінде 600-ден астам жаңа жол белгілері орнатылып, 5000-нан астам жол белгілері ауыстырылады деп жоспарлануда.

”Биыл көлік ифрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда жол белгілерін ауыстыру мен жууға 3 бригада жұмылдырылды. Осы жұмыстар аясында жол белгілерімен қатар бағдаршамдар, аялдамалар, жолдар, тротуарлар жуылады. Мердігер ұйымдар жұмыстарды екі аусымда жүзеге асыруда”,  деп  атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.

Айта кетейік, егер сіздер жол белгілерінің сынып немесе құлап жатқанынан хабардар болсаңыздар,  Семей қаласы әкімдігінің сенім телефонына WhatsApp желісіне хабарлама қалдыра аласыздар:  +7 (700) 718-71-60

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив