Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

Абай ауданында жолдар жаңартылады: ондаған шақырымға жөндеу жұмыстары жоспарлануда

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы екі жылда Абай ауданында облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың, сондай-ақ елді мекен ішіндегі көшелердің негізгі учаскелері жөндеуден өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Мейіржан Смағұлов мәлімдеді.

– 2026 жылы ауданда облыстық маңызы бар жолдардың 60 шақырымнан астам бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Басым бағыттардың қатарында «Аягөз – Қарауыл – Р23 – Семей – Қайнар» автожолының учаскелері бар. Қазіргі уақытта аталған жобалар бойынша қажетті сараптама рәсімдері жүргізілуде, -деді спикер.

Сонымен қатар Ақшоқы некрополіне апаратын жолды жаңарту көзделген. Бұл жобаны іске асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Облыстық жолдармен қатар, аудандық маңызы бар жолдарға да ерекше назар аударылуда. Бірқатар жоба бойынша сараптаманың оң қорытындылары алынған. Атап айтқанда, Қарауыл ауылындағы Құтжанов көшесін, Тоқтамыс ауылына кіреберіс жолды, сондай-ақ Қарауыл–Архат бағытындағы екі жол учаскесін жөндеу жоспарланған.

– Сонымен қатар Саржал ауылындағы Көкенай батыр көшесіне орташа жөндеу жүргізу қарастырылған. Жоба бұған дейін қаржыландыруға ұсынылған, алайда қаражаттың болмауына байланысты іске асыру кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта жобаны қайтадан сараптамадан өткізу қажет, – деп атап өтті Мейіржан Смағұлов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив