Үржар ауданында инфрақұрылым қарқынды дамып келеді
Инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жергілікті маңызы бар «Жоғарғы-Егінсу ауылының кіреберісі» автомобиль жолының 3,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 елді мекенде – Ақжар, Жаңа Тілек, Жанай және Қарақол ауылдарында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 18 көше орташа жөндеуден өтті.
- Республикалық маңызы бар Таскескен–Бақты автомобиль жолының 19 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде ауданның көлік қатынасы жақсарып, жол қауіпсіздігі артты. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар жолдар мен ауылішілік көшелерді ағымдағы жөндеу, жол қауіпсіздігі белгілерін орнату және бейнебақылау камераларын қою жұмыстарына аудандық бюджеттен есебінен жұмыстар жүргізілді,- дейді аудан әкімі.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауданның 35 елді мекенінің 28-і интернет желісімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Айтбай, Батпақты, Жанай, Благодатное, Бургон, Амангелді және Қарамойыл елді мекендерінде интернет желісі әлі қолжетімсіз болып отыр.
- Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Қызылту, Қазымбет, Ер-Қабанбай, Таскескен, Егінсу және Барқытбел ауылдарында су құбыры желілерін тарту және қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған,- деп атап өтті Ақылбек Башимбаев.
Тағыда оқыңыз