Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.71 531.26 6.05

Бесқарағай ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында спорттық іс-шаралар бастау алды

30-04-2023, 08:47 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан орталығы Бесқарағай ауылында облыстық гир көтеру спортынан жасөспірімдер арасындағы турнир басталды. Жалпы турнирге Семей, Курчатов қалалары мен Аягөз, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай аудандарының командалары қатысуда. 

Облыстық турнирдің салтанатты ашылу салтанатына Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, ақ жарма тілектерін жеткізді. 

Сондай-ақ турнирдің ашылу салтанатында ауданның «Тұмар-ай» вокалдық тобы қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен шашу шашып, аудандық мәдениет үйі Абай облысының әнұранына айналған «Абай елі» әнін орындап, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив