Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Бесқарағай ауданында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

5-05-2023, 18:54 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде батылдық пен батырлықтың символына айналған 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс шара барысында сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, ауданымыздың әр саласында еңбек етіп жүрген ер азаматтармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталды. 

«Бұл – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен кең байтақ даламызды қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. Бабалардың аманатына адал болу – бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы.Себебі, тарих қойнауындағы ерлікке толы жеңісті жолымыз ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс»,- деді өз құттықтауында аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов.

Салтанатты іс-шара аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сондай-ақ аудандық Жастар ресурстық орталығының үйымдастырумен шара барысында «Жеңіс лентасы» акциясы өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив