Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

9-05-2023, 09:50 018.kz

Қымбатты ардагерлер! Құрметті жерлестер!

Баршаңызды, халқымыздың ең қастерлі мерекесі - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні — тарих төрінен орын алатын, жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеп, Отанымыздың гүлденуі де – осы мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

Осынау ерлікке толы Күн өткеніміздің мәңгілік ұмытылмас белесі болып қала бермек.

Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.

Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік Даңқы өшпейді!

Ұлы Жеңіс мерекесінде Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз!

Біз өткеннен өнеге алып, Әділетті Қазақстанды құруды мұрат еткен халықпыз!

Тағылымы мол тарихымыз бен ұлттық сал-дәстүрімізді жаңғыртып келеміз.

Бейбіт өмірдің қадірін түсініп, көздің қарашығындай сақтау, ұрпаққа аялап аманат ету - баршамыз үшін қасиетті парыз!

Бүгінгі Ұлы қуаныш үстінде, ардагер аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға мықты денсаулық, қайтпас қуат, асқақ рух пен ұрпақ алғысын тілейміз!

Жеңіс мерекесі – әр отбасына сарқылмас ырыс пен мол бақыт сыйласын!

Сәбилеріміздің ұйқысы тыныш болсын!

Ұлы Жеңіс жасасын!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив