Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.26 506.7 5.58

Бородулиха ауданындағы шағын ауылдарда балаларға арналған ойын алаңдары көбейіп келеді

Бүгін, 16:10

Бородулиха ауданында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл, әсіресе, шағын ауылдардағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасауға басымдық берілген.

Бірнеше жылдан бері ауыл тұрғындары көтеріп келген балалар алаңын салу мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Аудан әкімінің есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстар ескеріліп, бірқатар елді мекенде жаңа ойын алаңдары бой көтеруде.

Атап айтқанда, Жерновка ауылдық округіне қарасты Пол-Лог ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, оны «Adilet AS» ЖШС шілде айында бастап, тамызда толық аяқтаған.

Ал Орловка ауылында да осындай нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Жұмысты жеке кәсіпкер Л.Э. Мұстапина жүргізуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыру және қоршау орнату жоспарланған.

Жаңа ойын алаңдары ауыл балалары үшін жайлы демалыс орнына айналып, олардың қатарластарымен араласып, белсенді уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай нысандар ата-аналар үшін де балаларымен бірге уақыт өткізуге қолайлы жағдай қалыптастырады.

Осылайша, Бородулиха ауданында абаттандыру жұмыстары аудан орталығымен шектелмей, шағын ауылдарды да қамтып отыр. Басты мақсат – әр елді мекендегі балаларға бірдей қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.



Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив