Кандидат Азамат Камзанов өз сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзанов өз округінің аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында Азамат Камзанов сенімді өкілдерімен бірге арнайы рұқсат етілген орындарға сайлауалды үгіт материалдарын орналастырды.
Кандидат алдағы уақытта да округ тұрғындарымен кездесулерді жалғастырып, олардың ұсыныстары мен талап-тілектеріне баса назар аударатынын жеткізді.
*№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзановтың сайлау қорынан төленді



