Кандидат Айткурман Адыкпаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесті
Кандидат Айткурман Адыкпаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қозғалды.
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көкейдегі мәселелерін ортаға салды. Кандидат айтылған ұсыныстарға назар аударып, халықпен ашық пікір алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдау, өңірдің даму бағыттары жөнінде пікір алмасу.
Осындай кездесулер халық пен кандидат арасындағы байланысты нығайтып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.
*2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаевтың сайлау қорынан төленді