Аялдама бекеті бұрын мүлде болмаған орындарға жаңа металлды аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізілуде
Аталмыш жұмыстар Қаржаубайұлы көшесінде жүтгізілді. Бүгінгі таңда Семей қаласында 593 бірлік аялдама бар, оның ішінде 470 бірлік әртүрлі типтегі аялдама павильондарымен жабдықталған. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған барлық аялдаманы күтіп ұстау мақсатында павильондарды сырлау, урналарды ауыстыру, темір конструкцияларды жөндеу, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру, аялдама қалталары мен алаңдарды орнату бойынша жұмыстар басталды.
Сонымен қатар, Семей қаласының әкімдігі ағымдағы тозығы жеткен немесе аялдама бекеті мүлде орнатылмаған орындарға 80 жаңа металлды аялдама павильондарын орнатады. Қазіргі таңда мердігер ұйымдар белгіленген кестеге сай жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІБиыл Абай облысында 235 шақырым жол жөнделеді