Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Ағымдағы жылы Водный кентінде мектеп құрылысы басталады

7-06-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде, құрылысқа қажетті қоршаулар орнатылды.

Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі шешу үшін "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде Семей қаласында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланған. Соның ішінде Водный кентінде 600 оқушыға арналған мектеп салынады.

Шарт "AN groups"мердігер ұйымымен жасалды. Осы орайда бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Водный кентіне барып, жұмыстың сапалы орындалулы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

“Бұл мектеп оқушы орындарының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан, белгіленген кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бастаңыздар. Сыртқы инжинерлік желілердің сапалы жүргізулуіне көңіл аударыңыздар”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив