Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Халықаралық паралимпиада жүлдегері пәтер иесі атанды

8-06-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтияроваға пәтер кілтін табыстады.

Бақтиярова Ләззат Дәуренқызы - бала кезінен мүкіндігі шектеулі жан. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, жиырма төртінші сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері, бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанған.

«Семей - спорттың бірнеше түрі бойынша чемпиондардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған, қалыптасқан спорттық дәстүрлері бар өңір болып саналады. Біздің даңқты спортшыларымыздың есімдері елімізден тысқары аймақтарда кеңінен танымал. Нәзік болмысыңызбен, үлкен белестерді бағындырып келесіз. Биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспін»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Лаззат Бахтиярова ҚР "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228 - V ҚРЗ Заңының 47-бабына сәйкес тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде пәтер иесі атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив