Абай гарнизонында жыл сайынғы «балалар біздің қарамғымызда» науқаны өтті
Оқу кезеңі аяқталып, балаларға жазғы демалыстары басталуына байланысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы отбасылармен жұмыс жүргізу қызметімен әскери қызметкерлер тұратын орындарда алдын-алу науқаны жүргізілді.
Алдын алу жұмыстары балаларға бағытталды. Сол себепті қауіпсіздік шараларын оңтайлы жеткізу үшін төтенше жағдайлар департаментінің маманы, жол-патрульдік қызмет инспекторлары және әскери емхананың медициналық қызметкерлері шақырылды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында балаларға суға шомылу, өрт болған жағдайда, жолдардан өту қағидалары жеткізіліп, оқыс оқиға орын алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Науқан соңында балаларға алдын алу шараларын бекіту үшін викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, тәтті сыйлықтар табысталды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі