Жармада Ауған соғысы ардагерлері арасында кіші футболдан ашық турнир өтті
Жарма ауданының 95 жылдығына орай, Ауғанстан ардагерлерінің кубогы үшін футзалдан ардагерлер арасында кіші футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Жарыстың ашылу рәсімінде Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р. Нұрғалиев спортшыларды ашық турнирдің ашылуымен құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, ойында сәттілік тіледі.
Алаңдағы кездесулер қызықты да тартысты болды. Командалардың барлығы да жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Доп додасының қорытындысы бойынша І орынды Шар қаласының бірінші командасы, ІІ орынды – Ақсуат ауданының командасы иеленсе, ІІІ орынды –Қоңырбиік ауылының командасы жеңіп алды. Турнирдің «Үздік шабуылдаушысы» - Ақсуат ауданының 72 жастағы ардагер Аразгалиев Архат, «Үздік қақпашысы» - Бородулиха ауданынан Жилбаев Еркін, Қоңырбиік ауылынан Отарбаев Ақланбек атанды.
Жүлделі орын алған командалар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.