Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Бесқарағай ауданының әкімі түлектер аттестат табыстау рәсіміне қатысты

21-06-2023, 15:33 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Бесқарағай ауданыныңбарша білім ордаларында жас түлектерге аттестат табыстау рәсімі өткізілді. 

Жалпы биыл аудан бойынша 123 бала мектеп бітірсе, оның ішінде 25 бала үздік аттестатқа ие болып, 7 оқушы алтын белгіге бітірді

Осыған орай бүгін аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов Қайрат Рысқұлбеков орта мектебіне барып, жас түлектерге аттестат табыстау рәсіміне қатысты, айта кететін жайт аталған орта мектепте биыл бір оқушы алтын белгі иегері атанды

Сондай-ақ, аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес бөлім басшыларымен, мекеме басшылары елді-мекендердегі білім ордаларына барып, жас түлектерді аудан әкімі атынан құттықтап, мектептерге әдеби кітаптар табыстады

«Құрметті жас түлектер! Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда! Білімдеріңізді шыңдай беріңіздер!», - деді аудан әкімі Талғат Мұратов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив