Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Орман және дала өртінің алдын алу мақсатында оқыту шаралары жүргізілуде

2-07-2023, 14:30 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Батырұлы аудан орталығы Бесқарағай ауылдық округінде Абай облысының 68303 әскери бөлімінің жауынгерлерінің оқу жаттығу жұмыстарының барысымен танысты.

«Дала өрттерінің алдын алу және жою жұмыстары бойынша елді-мекендерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдарының іс-әрекеттерін пысықтау мақсатындағы бұл іс-шара өзінің тиімділігін дәлелдейді деген сенімдемін»,- деді аудан әкімі Талғат Батырұлы.

Орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу шаралары аудан орталығында бір ай көлемінде жүргізілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив