Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Бесқарағай ауданында мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды

2-07-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз тек айтпаса керек. Осы орайда Бесқарағай ауданында мәдениет саласын дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Осыған байланысты биыл, бірлігі жарасқан Бесқарағай ауданының 95-жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған болатын. Оған облыстық бюджеттен 55 млн. қаражат бөлініп, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Талғат Батырұлы аудандық Мәдениет үйіне барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, анықталған кемшіліктерге байланысты бөлім басшысына және Мәдениет үйінің директорына бірқатар тапсырмалар берді.

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айының аяғында аяқталып, көремендерге есігін айқара ашатын болады.

Тағы бір айта кететін жайт ауданымыздың 95-жылдық мерейтойы аясында аудандық Мәдениет үйінде ірі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив