Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Бесқарағай ауданында «Жеті қазына» шағын сәулеттік формасы пайда болады

10-07-2023, 14:56 Думан Кенжеғазыұлы

Алты алаштың ардақтылары Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды атақты алыптарды дүниеге әкеліп, ақ бесігінде тербеген, мерекесі мен берекесі жарасқан, күн шуағын төккен Абай елінің, шырайлы құтты мекені Бесқарағай ауданына 95 жыл.

Бесқарағай ауданының 95 жылдығы тек мәдени іс-шаралармен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар аталған мерейлі жыл аясында игі жобалар жүзеге асырылатын болады.

Соның бірі аудан орталығының С. Сейфуллин және А. Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан «Жеті қазына» шағын сәулеттік формасы.

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктерінің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырған. Осы орайда жеті қанаты бар шағын форма, бір шаңырақтың астындағы бірлігі мен берекесі жарасқан Бесқарағай елінің нар тұлғалы жігіттерінің бейнесін сомдайтындай.

Осы орайда, Бесқарағай ауданының әкімі Т.Б. Мұратов тиісті сала басшыларымен және ауылдық округ әкімімен бірге аталған орынға барып, «Жеті қазына» шағын сәулеттік формасының орнатылу барысын тексерді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жасалып, ашылу салтанатын ұйымдастыруды тапсырды.

Аталған шағын сәулеттік форма Бесқарағай ауданының көркіне көрік қоспақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив