Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Жарма ауданында ұстаздар арасында спартакиада басталды

24-03-2023, 11:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылындағы Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде аудан мектептері мен ​ мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері арасында спартакиада басталды.

Шараның салтанатты ашылуында  Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев қатысушыларды құттықтап, ұстаз мамандығы ең мәртебелі мамандық екендігін атай келе, мұғалім-тәрбиешілердің дене шынықтыру мен спортта да үлгі көрсетіп келе жатқандығына тоқталып, оларға жарыс жолында ​ сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

Жыл сайын өткізілетін​ дәстүрлі спорттық шараға барлығы 500-ге тарта ​ білім саласының өкілдері і қатысуда.​ Спартакиада аясындағы жарыстар спорттың ​ қол күресі, дойбы, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ түрлерінен өтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив