Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті

29-03-2023, 10:53 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті. 

Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. 

Күн тәртібінде көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы туралы, Жарма ауданы бойынша әскери шақырылушыларды әскери есепке алу туралы,  2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысы туралы, аудан бойынша пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары туралы, берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Аудан басшысы берілген тапсырмаларды уақытында жүзеге асыруды тиісті сала басшыларымен ауылдық округтер әкімдеріне жүктеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив