Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Жарманың жайнауы өз қолымызда - Жарқынбек Байсабыров

29-03-2023, 16:57 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров округ әкімдері және аудан орталығындағы түрлі меншік нысанындағы мекеме, ұйым басшыларымен елді мекендерді тазарту, абаттандыру мәселесі бойынша жиын өткізді.

Күн тәртібі бойынша аудан әкімінің орынбасары Б. Самежанов аудан аумағында өткізілетін санитарлық тазарту, көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады. Апта сайын мекемелер мен ұйымдар, мемлекеттік органдар тарапынан сенбілік ұйымдастырылады. 

Осы орайда, аудан басшысы елді мекендердің санитарлық-тазалық жағдайын жақсарту мақсатында «Үздік округ», «Үздік елді мекен», «Үздік көше», «Үздік аула» атты байқау ұйымдастырылатынын атап өтті.

Абаттандыру шаралары аясында жоспарланған жұмыстардың бірі – әйгілі мерген, батыр жерлесіміз Төлеуғали Әбдібековке ескерткіш орнату. Бұл жайында аудан әкімінің орынбасары Р. Нұрғалиев баяндап, «Ел Тағзымы» қорының ашылғандығын хабарлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив