Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Жарма ауданының әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болды

3-04-2023, 11:46 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданында саябақтар мен аллеяларда абаттандыру жұмыстары кешенді жүргізілетін болады. Осы орай Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров «Жарма Су» КМК-ның материалдық-техникалық жағдайымен танысып, арнайы техникаларға қатысты анықталған ақауларды жойып, жұмыс күйіне келтіруді тапсырды. 

Аудан әкімі Қалбатау ауылдық округі аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болып, қазіргі жай-күйімен танысты. 

Елді-мекен маңайында қалыптасқан заңдастырылмаған қоқыс алаңдарын жою бойынша екі айлық санитарлық тазалау жұмыстары аясында іске асыруды жүктелді. 

Аудан орталығында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталып кетті. Аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар үйлердің құрылысына назар аударды. Аталған тұрғын үйлер баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы, көп балалы жанұяларға арнап салынуда.  Мердігер ауа​ райының қолайлығын барынша пайдаланып, құрылыс жұмыстарын кешенді жүзеге асырмақ. Нысанды салуға қажетті құрылыс материалдарымен толық қамтылған.

Аудан әкімі жауапты мердігермен құрылыс жобасын пысықтап, бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив