Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жарма ауданының тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары түсіндірілді

10-04-2023, 14:03 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жарма ауданына жұмыс сапарымен келген Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Нұрәлиұлы Ворошиловтың қатысуымен бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының шарттарын түсіндіру бойынша консультациялық семинар-кеңес өтті.

Жарма аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жұмыспен қамту, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткізілген жиынға жиынға өңірдің шағын және орта бизнес саласының өкілдері шақырылды.

Семинар-кеңесте «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан өңірі бойынша директоры Медет Ерболұлы, «Kazakh Invest» акционерлік қоғамның аймақтық директоры Қанат Асаинов, «Халық банкі» акционерлік қоғамының кредит беру бөлімінің бастығы Сания Талдыбаева кәсіпкерліктің тиісті бағыттары бойынша жан-жақты баяндап берді.

Шараға қатысқан шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтарға қатысты ақпарат берушілер несиелендіру мақсатында мемлекет тарапынан берілетін гранттар, субсидиялар, кепілдіктер, несиелер жөнінде және цифрлық кепілдік туралы түсіндірулер жүргізіп, мағлұматтар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив