Жарма ауданының әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті.
Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның тұрғын үй, әлеуметтік маңызы бар обьектілерінің 2023-2024 жылдың жылу беру маусымына дайындық барысы туралы, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықтық бұзушылықтың, қараусыздықтың және панасыздықтың алдын алу туралы, жергілікті полиция қызметінің 2022 жылы және 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, «Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының орындалуы туралы ақпараттар тыңдалды.
Жиын барысында өңір бойынша айтулы мәселелерге қатысты бірқатар жұмыс барысы пысықталып, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.