Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жармада Төлеуғали Әбдібековті еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан аудандық турнир өтті

26-04-2023, 17:44 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан орталығындағы Спорт модулінде Жарма ауданының 95 жылдығына орай және Жеңіс күніне арналған іс-шаралар аясында Ұлы Отан соғысының даңқты мергені Төлеуғали Әбдібековті еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан ардагерлер арасында аудандық турнир өтті. 

Жарма ауданының ардагерлер кеңесі ұйымдастырған жарысқа 63 жастан асқан еңбек, әскери қызмет, басқа да салалардың ардагерлері, Қалбатау, Үшбиік, Қызылағаш, Қаратөбе, Қарасу, Шалабай, Жарық, Бірлік, Бірлікшіл, Аршалы ауылдық округтері мен Шар қаласының өкілдері қатысты.

- 1941-1945 жылдардағы сұм соғысқа Жарма өңірінен 15 126 жауынгер аттанса, оның жартысынан көбі оралған жоқ. Отан үшін кеудесін оққа тосқандардың бірі – жармалық Төлеуғали Әбдібеков. Алайда, айырықша мергендік танытып, өшпес ерлік көрсетсе де, кезінде  Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаған. Арада жылдар өтіп, әділдік орнап, өткен жылы Президент Жарлығымен ерлікпен қаза тапқан майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді. 8-ші гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібеков үздік снайперлер тізіміне енген. Одан жау қолы қорқып, «қара ажал» деп атаған. Рухы берік, қайсар мінезді жауынгер 397 фашисті о дүниеге аттандырған. Соғыс тарихында өшпес із қалдырған батырларымыздың бірі - Төлеуғали Әбдібеков, - деп атап өтті ашылу салтанатында Жарма ауданының маслихат хатшысы М. Оспанбаев.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Іс-шара барысында Ақсуат ауданынан келген Рахымжанов Әсембек, Мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, көрермендердін ықыласына бөленді. 

Қатысушылар нысананы көздеудегі мергендіктері бойынша сынға түсті. Жеңімпаздарды қорғаныс істері жөніндегі бөлім, алғашқы әскери дайындық оқытушылары, ардагерлер ұйымы өкілдерінен құралған төрешілер алқасы анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша мергендер аңықталып, 1 орынға С.Ағайсенов (Қалбатау ауылдық округі), 2 орынға К.Тастағанов (Ақжал ауылдық округі), 3 орынға С.Көшкімбаев (Шар қаласы) ие болса «Ақсақал мерген» номинациясын Заманбек Таңатаров (Қаратөбе ауылдық округі) иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив