Жарма ауданында «Би әлемі» байқауы өтті
Жарма ауданының 95 жылдығы аясында, Қалбатау ауылындағы Жастар үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Би әлемі» байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — жастардың Отанға деген мақтаныш сезімдерін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өнерлі оқушыларды анықтап, ынталандыру. Байқауға 9 оқушы қатысып, әр түрлі би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау барысында интерактивті тақта арқылы байқау сайыскерлері туралы таныстырылым жасалып, әділқазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша оқушылардың жетістіктерін марапаттаумен жалғасын тапты. Байқау қорытындысында бас жүлдеге, I, II, III орындарға және арнайы номинацияға ие болған оқушылар марапатталды.
«Өнер - талантты өсіреді» демекші, асыл мұраны жалғастырып жүрген өнерлі оқушыларымызды әрдайым биік шыңдардан көргіміз келеді. 1-орынға Ақжал ауылдық округінің Шәкенов атындағы орта мектебі окушыларының «Еркеназ» би тобы, 2-орынға Шар қаласындағы Тұрсынов атындағы орта мектебінің «Ай-шашу» тобы, 3-орынға Шар қаласындағы Көбдіков атындағы орта мектебінің бишісі Сейфуллина Нармина ие болды.