Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Жармада Ержан Садвакасовты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті

30-04-2023, 15:32 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қалбатау ауылының Спорт кешенінде белгілі спорт жаттықтырушы Садвакасов Ержан Алтайұлын еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н. Нұрғалиев қатысып, Ержан Алтайұлының өңірде бұқаралық спортты дамытуға сіңірген еңбегіне тоқталып,  спортшыларға сәттілік тіледі.

Волейбол - бұл ұжымдық ойын, ондағы жақсы нәтиже команданың әр мүшесінің сәтті ойынына ғана емес, бастысы, командалық ауыз-біршілікте болуларына байланысты. 

Аталмыш додаға 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойынның қорытындысы бойынша І-орынды Георгиевка орта мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ-орынға Бақыршық орта мектебінің командасы, ІІІ-орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив