Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөз ауданында Санияз сұлтанның 300 жылдығына орай дүбірлі той өтті

21-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында Санияз сұлтанның 300 жылдығына орай кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Санияз Көшекұлының 300 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған іс-шаралар Тарбағатай ауылы тауларының баурайында жалғасын тапты.

Ауданға арнайы келген мерейтой қонақтары мен Санияз Көшекұлының ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері Санияз Сұлтанның кесенесіне барып, бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштады. 

Сондай-ақ, еліміздің түпкір-түпкірінен келген қонақтар ақындар айтысы, балуандар сайысы, аламан бәйгені тамашалады. 

Мерейтой аудандық мәдениет үйі әртістерінің мерекелік концертімен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив