Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Абай облысында шомылуға рұқсат етілген 8 орын ғана анықталды

21-07-2023, 11:29 Думан Кенжеғазыұлы
«Абай облысындағы су айдындарының басым бөлігі шомылу үшін қауіпсіз емес. Абай облысы бойынша тек 8 рұқсат етілген орын анықталды, оның ішінде 4 коммуналдық жағажай Семей қаласында, Алакөл және Шошқалы көлінде. Әрине, бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін жеткіліксіз», - деп Абай облысының тұрғындарымен кездесуде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.

Осыған байланысты Сырым Шәріпханов жергілікті атқарушы органдардың назарын шомылу үшін қауіпсіз орындарды ұлғайту, оның ішінде баламалы стационарлық бассейндерді (қаңқалы) қарастыру қажеттігіне аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив