Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) Орта жүз Найман руынан тарайтын Сыбан табынан шыққан қазақтың көне жыраулық мектебінің аса көрнекті өкілі. Ел тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» деген өлеңінде жауынгер санатына ерте араласқан. Қазақ, қалмақ арасындағы қанды қақтығыстардың бәріне дерлік қатынасқан. «Ақтабан шұбырындының» қан кешуінде ел намысын оятушы, жеңісті жорықтардың ұйымдастырушы әрі дем беруші дауылпаз идеологы болған. Ес білгеннен бастап жетпіс жыл бойы ат үстінен түспей, елін, жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, еркіндік, бірлік жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс, тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық, жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным, түсінігі Ақтамберді талғамынан өтіп, ел санасынан берік орын алған жырлар мен толғауларға айналды. Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Жауға шаптым ту байлап», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнама»,»Заманым менің тар болды» т.б. өлеңдері мен толғаулары ізгілікке, батылдыққа, отансүйгіштік күй-сезімге толы. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың мақсатқа жеткізетінін ескертеді, халықты алауыздық мінездерден сақтандырады.

2017 жылдың 28 шілде күні Аягөз қаласының өзіне арналған көше бойынан Ақтанберді батырға ескерткіш - бюст орнатылды.

Ескерткішті жасатқан аруақты бабаның ұрпақтары Т. Мүсапірбековтың балалары мен немерелері. 

Ескерткіштің авторы, мүсінші Нұрбол Қалиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив