Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Жаңғызтөбе кентінде «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік шара өтті

28-07-2023, 15:24 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданының 95 жылдығына орай Жаңғызтөбе кентінде «Ауылым – алтын бесігім» атты ауыл күні мерекесі аталып өтті.

Салтанаты шара барысында жиналғандарды «Ауыл күні» мерекесімен кент әкімі Е. Закимов  құттықтап, ақ тілегін білдіріп, әр шаңыраққа құт-береке, бірлік пен ынтымақ тіледі.

Шара барысында арнайы шақырылған өнерпаздар ән шырқап, кеш көркін қыздырып көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Спорттық ойындарды тамашалаушылар да аз болған жоқ. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, білекті жігіттер қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру бойынша өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында жүгіру,  веложарыс өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив