Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Абай облысында «Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» жобасы басталды

31-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» жобасы Бородулиха, Абай, Аягөз, Үржар, Жарма аудандарында басталды.

Волонтер жастарға арналған «Волонтерлердің біліктілігін арттыру» тренингі мен Білім, Саулық, Сабақтастық, Таза Әлем, Асыл мұра, Қамқор, Үміт, Аяла бағыттары бойынша «Birgemiz» жалпыұлттық жобасын іске асыру бойынша  түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Төтенше жағдайлар туындаған кезде қорғау тәсілдері және іс-қимылдар», «Әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыптары бойынша жергілікті төтенше жағдай бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. 

Жоба аясында заңгер-волонтерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша баяндама жасалып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив