Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Семей қаласының кәсіпкеріне жер учаскесін жалға алу мерзімін негізсіз ұзартпаған

31-07-2023, 15:17 018.kz

Абай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту процедурасын негізсіз созу фактісін анықталды.

Саудамен айналысатын кәсіпкер 2 ай бойы жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарта алмаған.

Кәсіпкер өз тарапынан Жер кодексінің (37-бап) барлық талаптарын орындап келгеніне қарамасстан, Семей қаласының әкімдігі сауда павильонының сыртқы келбеті қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтінін сылтауратып, кәсіпкердің жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартқан.

Антикордың араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, жалға алу мерзімі ұзартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив