Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Жарма ауданында автомобиль жолдары жөнделіп жатыр

31-07-2023, 15:48 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл-ел бесігі» жобасының аясында Жарма ауданының төрт елді мекенінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Жаңғызтөбе кентінде 2,7 км, Бірлік кентіндегі Ғайнуллин көшесінде ұзындығы – 1 км, Шалабай ауылының Шекембай көшесінде 1,1 км, сондай-ақ Шар қаласының аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар жолды жөндеп жатқан шетелдік «Синьсин» компаниясы әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес ұзындығы 7 шақырым болатын Абай және Қабанбай көшесін жөндеуге кірісті. Қазіргі уақытта асфальт төселіп жатыр.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу байқауының нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС-гі Қаражал және Бірлік ауылында 9,4 км тас жолын орташа жөндейді.

Қалбатау ауылының Әбдірахманқызы және Әлімбетов көшелеріне (3,9 км) жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жергілікті тұрғындардан жол учаскелерінің жай-күйіне қатысты шағым көп түскен болатын. Қазір тұрғындарды мазалаған сол мәселелер шешілді. Мердігер ұйымдар арнайы техникамен жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауға ниетті», – деді Жарма ауданы әкімінің орынбасары Берік Сәмежанов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив