Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.38 629.46 6.76

Абай облысында жыл соңына дейін қанша аула абаттандырылады

31-07-2023, 16:40 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында аулаларды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастыру жұмыстары тек Семей қаласында ғана емес, жалпы өңір көлемінде жүзеге асырылуда. Биыл жыл соңына дейін Семей қаласының әкімдігі шаһарда 70 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Курчатов қаласында «Казцинк» ЖШС меморандум аясында 12 ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Ал, Ақсуат ауданында 20 аула мен қоғамдық орынды абаттандыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Жарма ауданының әкімдігі 7 елді мекенде абаттандыру жұмыстарын бастады. Бородулиха ауданында 3 балалар алаңы мен 3 футбол алаңы орнатылады.

Бесқарағай ауданында 2 қоғамдық кеңістікті жөнделеді және жасанды жабынмен 2 футбол алаңы орнатылады.

Көкпекті ауданында да 2 футбол алаңы мен саябақ құрылысы жұмыстары басталып кетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив