Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысы жастар мәслихатында «AMANAT» партиясының фракциясы тіркелді

1-08-2023, 15:47 018.kz

Бүгін Абай облысы Жастар мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессия отырысына Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов қатысты. 

Жастар мәслихаты сессиясының күн тәртібінде Абай облысы жастар мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы, Жастар мәслихатында «AMANAT» партиясының фракциясын тіркеу туралы, Үш жақты меморандум ынтымақтастық келісімі туралы мәселелер қаралды. «Жастар саясаты», «Парасат», «Шабыт» тұрақты комиссиялары құрылып, комиссия төрағалары тағайындалды. 

Сессияның өту барысында жас депутаттардан хаттар жолданды. Атап айтсақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекеттен баспанаға бөлінетін қаражаттың баспана алуға жетпейтіндігі, сондай-ақ насыбайдың зияны сөз етілді. Бұл мәселелер – жастар арасында өзекті тақырыптардың бірі. Барлық көтерілген мәселелер бойынша өтініштер қабылданып, тиісті органдарға бағытталады. 

«Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Бүгін облысымыздағы жастар саясатының дамуына тағы бір қадам жасалды десек болады. Абай облысы Жастар мәслихаты мен «Абай жастары» Жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар Қанатының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты облыстың жастар қозғалысын дамыту, жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деп санаймын. Аталған меморандум жаңа жобалар мен идеялардың іске асуына септігін тигізіп, бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуге мүмкіндік берері сөзсіз!» - деді Қуаныш Серқазыұлы.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиал баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив