Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде спорт күніне орай спорттық іс - шаралар өтеді  

3-08-2023, 17:27 Еркежан Қуатқызы

Спорт күніне орай бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу жоспары жасалды. Биыл мереке 20 тамызда тойланады.

«Мерекені спортшылар, жаттықтырушылар, бұқаралық дене шынықтырумен айналысатын барша халық тойлайды. Аталған мереке елімізде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Спорт күні мерекесіне орай елімізде саламатты өмір салтын ұстану - тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған түрлі спорт шаралары ұйымдастырылады», - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.

Жалпы, 2023 жылы күнтізбелік жоспар бойынша қалада 500-ге жуық спорттық шаралар жоспарланған. Бүгінгі күні 100-ден астам іс-шара өткізілді.

«Қалада барлығы 73 спорт түрі дамыған, 329 спорт нысаны бар. Халықтың барлық топтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты спорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық спортты дамыту жоспары бекітілді», - деді Бауыржан Дүйсенбаев.

Мәселен, қазан айына дейін Семейде жүгіру, йога, зумба, кроссфит, скандинавиялық жаяу жүру сияқты спорт түрлерінен тегін сабақтарды қамтитын «Баршаға арналған спорт» ауқымды спорттық челленджі өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив