Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Ақтоғай кентінде автожолдар жөнделіп жатыр

8-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы, Аягөз ауданының, Ақтоғай кенті аудан орталығынан 280 км қашықтықта орналасқан. Бүгінде тұрғындар саны 5 942 адам.

Ақтоғай кенті қызметінің негізгі бағыты өндірістік, себебі онда «KAZ Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен байыту комбинаты орналасқан.

Ақтоғай кентінде инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарына қолайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыру мақсатында, кенттің ішкі 3,4 км жолдарына жөндеу жасалып жатыр. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу байқауының нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС жүргізуде.

Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары кенттің А.Құнанбаев, Қабанбай, Ж.Жабаев көшелерінде жүргізіліп жатыр. Жоба құны: 233 млн тенге. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2023 жылдың тамызына дейін деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив