Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды

14-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жалпы сомасы 8 098,2 млн. теңгеге жылу желілері мен жылу көздерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп отыр. 

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқталуы жоспарланған жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.

Жалпы, жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынды.

Анықтама үшін: Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көздерімен (ЖЭО - 1, АҚ-1, Семей қаласындағы «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көздерімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) қамтамасыз етіледі. Бородулиха ауданы - 6, Абай ауданы - 2, Аягөз ауданы – 5, Жарма ауданы – 2, Үржар ауданы – 2 және Курчатов қаласы – 4). Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды жылумен жабдықтауды 273 дербес қазандық қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив