Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Таскескенде жаңа спорт кешені бой көтереді

17-08-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Таскескен ауылында спорт кешенінің құрылысымен қатар, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалып жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Таскескен ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып отыр.

Сонымен қатар, Таскескен ауылында спорт кешенінің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жоба бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы аясында жасалды. 2023 жылы жобаны жүзеге асыруға 469,00 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ғимарат іргетасын құю мен құрылыс материалдары жеткізіліп жатыр.

Жобада екі блоктан тұратын спорт кешенінің ғимараты мен қатты отынға арналған блокты-модульдік қазандық құрылысы қарастырылған. Құрылыс жұмыстарына бір ауысымда 28 адам жұмылдырылған.

Үржар ауданы құрамына кіретін елді мекендердің ішінде Таскескен ең үлкен ауылы. Жалпы ауданға 27 ауылдық округ пен 53 елді мекен кіреді. Таскескен ауылы – тоғыз жолдың торабында орналасқан бұрынғы аудан орталығы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив