Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Бородулиха ауданында бірқатар өзгерістер бар

17-08-2023, 10:13 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданында әлеуметтік және мәдени кәсіпорындарды абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр

Бородулиха ауданындағы ауылдық елді мекендерді абаттандыру жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың негізі. Осы бағытта балаларға арналған қауіпсіз әрі ыңғайлы ойын алаңын салу, қоғамдық орындарды жақсарту, мәдени бастамаларды қолдауға арналған жобаларды жүзеге асыру қолға алынды. 

Биыл ауданның Михайличенково, Шелехово және Бородулиха ауылдарына 3 ойын алаңын орнату басталды. Бакин ауылдық округінде балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, Жерновка, Петропавловка, Камышенка ауылдарында жергілікті ауылдық клуб салу, Коростели ауылында клубты қайта жаңғырту жұмыстары өз жалғасын тауып жатыр.

Бүгінде Бородулиха ауданында 11 медициналық дәрігерлік амбулатория, 17 медициналық пункт, 3 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Бұл ғимараттарды медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 83,07%-ды құрайды. Бұдан бөлек Ауыл теміржол стансасында фельдшер-акушерлік пунк салу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, биыл сәуір айында Буркотово ауылында жолдың жөндеу жұмыстары басталған болатын. Бұл жөндеу жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив