Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша оқыту тренингтері өтті

21-08-2023, 14:12 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық салаларында кеңес беру бойынша жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері мен жастар ұйымдарының мамандарына арналған үш күндік оқыту тренингтері өтті.

Аталмыш семинар-тренинг ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында ұйымдастырылды.

Осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген заңға сәйкес Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар жастармен жұмыс жасайтын мамандар лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық тақырыптарында жастарға кеңес беруге міндеттелгенін атап өткен маңызды.

Семинар-тренингке Қазақстанның он өңірінен жас мамандар қатысты. Оқыту барысында қатысушылар тәуелділік түрлері мен оның адам ағзасы және өміріне әсерімен танысады. Басты назар Қазақстандағы нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алу механизмдерімен танысуға аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив