Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Семей қаласының ТЖ басқармасы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде

29-08-2023, 15:47 018.kz

Семей қаласының ТЖ басқармасы осы аптада судағы адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды бастады.

Құтқарушылар Бейбітшілік аралы, Мирный ауданы, Пристань аймағы, Понтон көпірі сияқты ең танымал демалыс орындарында рейдтер жүргізді. Ұйымдастырылған рейдтерге ТЖ, жергілікті атқарушы органдар мен Семей қаласының полиция қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында мамандар демалушылармен әңгімелесіп, судағы адамдардың өлімінің негізгі себептері туралы әңгімеледі. Олардың арасында мас күйінде шомылу, белгіленбеген жерлерде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдыру көш бастап тұр. Сондай-ақ, ересектердің қарауынсыз су қоймаларында жүрген балалармен әңгімелер өткізілді. 

Өкінішке орай, балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Рейдтер кезінде барлық демалушыларға су айдындарында сақтық шараларын сақтау, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жадынамалар табыс етілді. 

Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындарына су айдындарының жанында демалу кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға, балаларын қадағалауға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Абай облысы ТЖД Семей қ. ТЖБ

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив