Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Бесқарағай ауданында бірқатар мәдени өзгерістер бар

31-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бозтал ауылында «Жеті қазына» жаңа сәулеттік ескерткіші мен ауыл клубының салтанатты ашылуы болды. Іс-шаралардың барлығы Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

«Жеті қазына» монументі символдық жәдігер ғана емес, қазақ халқының қайталанбас салт-дәстүрін, құндылықтарын көрсететін, сондай-ақ, жеті санына байланысты рухани көзқарасты қалыптастыратын ескерткіш.

«Барлық кезеңде халық арасында жеті саны қасиетті саналды. Бұл ескерткіш өнер мен мәдениеттің символы ретінде қазақ халқының тарихындағы құндылықтардың маңызын еске салады», - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ, Бозтал ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды. Жақын арада бұл жер ауыл тұрғындарының басын қосып, түрлі мәдени іс-шаралар өткізетін орынға айналады.

Айта кетсек, күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб ғимаратында бос уақытты пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив