Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«SHARCEM (ШАРЦЕМ)» ЖШС-дегі жағдай Абай облысы әкімдігінің бақылауында

5-09-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

«SHARCEM (ШАРЦЕМ)» ЖШС-де орын алған еңбек қатынастары мен жұмысшылардың құқығы мәселесі Абай облысы әкімдігінің қатаң бақылауында.

Жағдайды реттеу үшін 6 қыркүйекте облыс әкімінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтеді деп жоспарланған. Бұл комиссияның құрамына жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.  Жиында еңбек қатынастары саласындағы мәселелерін талқыланады. 

Отырыс барысында келесі кәсіпорындарға қатысты мәселелер қаралады:

- «Семей машина жасау зауыты» АҚ;

- «Теплокоммунэнерго» АҚ;

- «SHARCEM (ШАРЦЕМ)» ЖШС;

- «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС.

«SHARCEM» ЖШС өкілдерімен өткен кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері келісім арқылы шешілген болатын. Сондай-ақ, тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында асхана мен жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары Еңбек кодексімен реттелетінін естеріңізге саламыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив