Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысының тәртіп сақшылары «Парасатты полицей» республикалық байқауында жеңіске жетті

7-09-2023, 09:42 Думан Кенжеғазыұлы

«Парасатты полицей» республикалық байқауында «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша Абай облысы Полиция департаментінің «Алаш ұрпақтары» командасы жеңіске жетті.

2023 жылдың 3 қыркүйегінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында полицейлер арасындағы «Парасатты полицей» республикалық байқауының ашылуы өтті. 

Командалар әртүрлі ұлт өкілдерінен құралды, олар өздерінің білімдері мен ойларын мемлекеттік тілде жеткізе біліп, заңдар мен кәсіби терминдердің қолданылуын көрсетіп, шығармашылық тапсырмаларды орындады. 

«Парасатты полицей» байқауында Абай облысы Полиция департаментінің атынан Сәуле Үрістемханқызы Түсіпова, Әлия Айдарқызы Айдарова, Ұлықбек Ғабитқазыұлы Жанахмет, Бота Советқызы Құдайберген, Александр Александрович Штихлинг, Жасқанат Нұриденұлы Иманбаев қатысты. 

«Көркемсөз шебері» номинациясында Абай облысының «Алаш ұрпақтары» командасы жеңіске жетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив